2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

90 елді мекен жоғары жылдымдықты интернетке зәру

 Қостанай облысындағы мектеп пен колледждердің 50%-ке жуығы компьютерлерін жаңартады. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан бір жарым миллиард теңге бөлінді. Жаңа модельді техникалық құралдар оқушыларға заманауи оқу бағдарламаларын меңгеруге, танымдық көзқарастарын кеңейтуге септігін тигізбек.

90 елді мекен жоғары жылдымдықты интернетке зәру
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұдан бөлек, жыл аяғына дейін облыстағы шалғай ауылдардың барлық білім ордаларына кең жолақты интернет жеткізіледі. Мичурин ауылының орта мектебінде биыл қос мереке. Білім ошағы алдағы оқу жылын жаңартылған кейпінде қарсы алғалы тұр. Ғимаратта көптен күткен жөндеу жұмыстары басталды. Оған қоса, материалдық база да жаңғыртылып отыр. Оқу ордасы қуатты 30 дана компьютермен жабдықталды.

Мичурин орта мектебінің директоры Айнаш Даданова: "Осы жаңа компьютерлер бойынша менің ойым олар енді өздері балалар өз бағдарламаларын жасап, сол арқылы дами бастайды. Жаңа модельді компьютерлерге, әсіресе, ұстаздар қауымы дән риза" деді. Мұғалімдер: "Біздің Kundelik.kz өте көп уақыт алатын. Өйткені ескі компьютерлердің сондай қиындықтары болды. Қазір жаңа компьютерлерде Kundelik.kz сайты, сонымен қатар Bilimland сайтына уақытты үнемдеп, тез кіре аламыз" дейді.

Облыс мектептері үшін алты мыңдай компьютер сатып алынды. Осылайша, кеңсе техникаларының жетіспеушілігі былтырға қарағанда екі есе жойылды. Қазір облыстағы 90 елді мекен жоғары жылдымдықты интернетке зәру. Оларды жыл соңына дейін ғаламтор желісіне қосылады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Ұлттар лигасындағы матчтарға қатыспайтын болды

Максим Самородов

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер