Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

900 тест: алған ұсталды, өткізген кім?

Өзбекстан азаматы елімізден заңсыз «COVID-19» инфекциясына арналған 952 тестіні алып өтпек болған.

900 тест: алған ұсталды, өткізген кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  20 шілде күні Түркістан облысы прокуратурасымен құрылған жұмысшы топ пен аталған департаменттердің қызметкерлері Сарыағаш ауданында орналасқан кеден бекетінде тексеру жүргізген. Тексеру кезінде Өзбекстан Республикасының азаматы жалпы құны 3,6 млн теңге тұратын 56 қораптағы «COVID-19» инфекциясына арналған тестіні жүк көлігімен жасырын түрде алып өтпек болғанын анықтаған.

Жүргізушінің айтуы бойынша, аталған тауарды ол Ресей Федерациясынан алып келген. Бірақ кеден бекетінен өту барысында аталған тесттерге декларация тапсырмаған. Аталған факт бойынша уәкілетті органмен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 551-бабы 1-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, декларацияланбаған тесстер тәркіленген. Шетелдік заңбұзушыға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.

Одан бөлек, соңғы 4 күнде жұмысшы топпен тағы да 15 дәріханада жоғары бағада сатылған дәрі-дәрмектер анықталған. Әрбір дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін жинақталған іс-құжаттар уәкілетті органға жолданған.

Қазір оқып жатыр

Алматы прокуратурасы журналист Алехованың жазасын жеңілдетуді сұрады

Александра Алехова

Жамбыл облысының тұрғындары «Әділет» партиясының ауылды дамыту бастамаларын қолдады

.

Астанада демалыс күні көлік көп жүретін даңғылдардың бірінде қозғалыс шектеледі

көлік қозғалысы шектеледі

ERG-дегі мемлекеттің үлесін енді «Самұрық-Қазына» басқарады

ERG