USD
USD
USD

Қазақстанда 9 ЖЭО «қызыл» аймақтан шықты

Жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО «қызыл» аймақтан «сарыға», 3 ЖЭО «сарыдан» «жасылға» көшті. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұған жылу энергетикасы нысандарын пайдалануды бақылауды күшейту есебінен қол жеткізілді.

ЖЭО
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, 472 тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша 170 млн теңге сомасына айыппұл салынды.

Өндірістік энергетикалық бақылау институты енгізілді, ал энергетикалық кәсіпорындардың басшыларын тағайындау енді білімді, біліктілік тексеруден өтуді талап етеді. Сондай-ақ жөндеу мерзімдерін, отын қорын бұзғаны және желілердің зақымданғаны үшін неғұрлым қатаң жауапкершілікті көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізілді. 

Бұл шаралар жылу желілерінің температуралық кестесін сақтамау жағдайларының санын 215-тен 65-ке дейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, электр станцияларындағы технологиялық бұзушылықтар үш есе қысқарды.

Қазір оқып жатыр

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі