Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

8 облыста ескерту жарияланды

Елімізде 8 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет. 

8 облыста ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 13 күндіз шілдеде Қостанай облысында оңтүстікте 37 градусқа дейін қатты ыстық болуы ықтимал. 13 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Күндіз 43 градус қатты ыстық күтіледі. Сол күні таңертең және күндіз Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға айналады. Ертең күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі.

13 шілдеде түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді. 13-15 шілдеде күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде 35 градус қатты ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі күтіледі. 13 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. 13-15 шілдеде күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 39 градус қатты ыстық болуы мүмкін. Сол күні Жезқазған қаласында 37-39 градус қатты ыстық күтіледі. 13 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде 38-41 градус қатты ыстық сақталады.

13 шілдеде Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Сол күні күндіз Шымкентте солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіне 15-20 м/с жетуі мүмкін. Дүйсенбіде күндіз Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің соғады. 13 шілдеде күндіз Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с жетеді. Сол күні күндіз Атырау қаласында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе таксиі алғаш рет көкке көтерілді

 ұшқышсыз әуе кемесі

Отбасы банк ипотека бойынша ескі үйлерге қойылатын талаптарды жеңілдетті

Ипотека

​FIDE үшін бәсеке: Турловтың жеңісі Қазақстанның беделін арттыра ма?

Бизнесмен

Эль-Ниньо әсерінен әлемде тағы 50 млн-ға жуық адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

Эль-Ниньо