Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

8 млн тонна бидай экспортталады

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бидай өндірушілер мен трейдерлерге ішкі нарықта бидайдың бағасын қымбаттатпауға шақырды.

8 млн тонна бидай экспортталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда еліміздегі бидай алқабының 99,5 пайызы жиналды. Жалпы бидайдың көлемі 20 млн тоннаға жетті. Біздің болжамымыз бойынша таза салмақтағы бидай көлемі – 18,5 млн тонна болады. Экспорттық әлеует – 7-8 млн тонна», – деді Сапархан Омаров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл ретте экспортқа қандай да бір кедергі келтірілуі мүмкін бе? Бұл сұраққа жауап берген министр қазір бидай өткізуге болатындай жайлы жағдай қалыптасып тұрғанын жеткізді.

«Қазақстанда да, Ресейде де бидай жақсы шықты. Біз алдағы уақытта бидай экспортына ешқандай шектеу енгізгелі отырған жоқпыз. Сонымен қатар мен өзіміздің елдегі тауар өндірушілер мен трейдерлерден өтінсем деймін: ішкі нарықтағы бағаны қалыптастыру мәселесіне байыппен келген абзал. Себебі ішкі нарықтағы бағаның өсіп кетуі, біріншіден нарыққа жағымсыз әсер етеді. Екіншіден осының салдарынан ұнның бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл жағдай одан бөлек әлемдік нарықта біздің бидайымыздың бәсекеге қабілеттілігін төмендетуі мүмкін», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі