Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

8 мың қазақстандық зейнетақы жинағын алды

8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинақтарын алды. Бұл туралы «Отбасы банк» мәлімдеді.

8 мың қазақстандық зейнетақы жинағын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Достар, алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері – 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы қуана хабарлаймыз! Отбасы Банк – біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді 2 жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударылатынын естеріңізге саламыз.

Ақша түскеннен кейін – жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады.

enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады», – делінген хабарламада.⠀

Еске салайық, 23 қаңтарда сағат 09.00-де зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдерді қабылдау басталды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық