USD
USD
USD

8 мамыр күні ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК мамандары 8 мамыр күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. 

8 мамыр күні ауа райы қандай болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігіне антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Күндіз оңтүстіктін таулы аймақтарында нөсер жауын жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстікте – найзағай жарқылдап, дауыл соғады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді, найзағай, бұршақ, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл соғады. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, жел екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды облысында жел екпіні - 23 м/с. Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.