USD
USD
USD

8 айда қазақстандықтарға 128,2 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынған

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің орталықтандырылған деректер банкі мәліметтеріне сәйкес 2023 жылдың 8 айында шамамен 6,8 млн әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.

8 айда қазақстандықтарға 128,2 млрд теңге әкімшілік айыппұл салынған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 5,5 млн құқық бұзушыға 128,2 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 88,3 млрд теңгесі өндірілді. Өз кезегінде айыппұлдардың басым бөлігі немесе 4,6 млн айыппұл алғашқы 7 тәулік ішінде 44,1 млрд теңге сомасына 50% жеңілдікпен төленді.

2023 жылдың өткен кезеңінде әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68,8% болды. Ең көп айыппұл салынғандар:  Алматыда – 16,8 млрд теңге сомасына 1 млн құқық бұзушылық, 12,7 млрд теңге төленді. Астанада – 12,7 млрд теңге сомасына 800 мың құқық бұзушылық, 8,6 млрд теңге төленді.

Ең аз Павлодар облысында 11,8 млрд теңге сомасына 92 мың айыппұл салынған, оның 11,3 млрд теңгесі төленген.

Барлық әкімшілік құқықбұзушылықтардың 95%-ын ішкі істер органдары анықтаған. Ішкі істер органдары 5,3 млн құқық бұзушыға шамамен 68,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салған, оның ішінде мемлекет бюджетіне 51,7 млрд теңге түскен.

Айыппұлдардың негізгі бөлігі фото-бейнетіркеу камераларымен тіркелген құқық бұзушылықтарға тиесілі, олар бойынша 38,1 млрд теңге сомасына 3,4 млн астам шешім шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала