USD
USD
USD

8,5 миллионға жуық медициналық маска тәркіленді

Алматыда заңсыз айналымнан 8,5 миллионға жуық бірреттік медициналық маска тәркіленді.

8,5 миллионға жуық медициналық маска тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері дәрі-дәрмектер мен масканы заңсыз жеткізушілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізді.

«Қолға алынған шара аясында Алматыда бірқатар рейдтер өткіздік. Дәрі-дәрмек тапшылығының себебін анықтау үшін біздің қызметкерлер «СҚ-Фармация» қоймасын толық тексеріп шықты», – дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров.

Сонымен қатар, ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Алматыға келген гуманитарлық көмектердің дұрыс таратылуын қадағалағанын атап өтті.

Бұдан бөлек, заңсыз айналымнан 8,5 миллионға жуық бірреттік маска тәркіленген.

«Осы маскалар бойынша қазіргі уақытта тергеу жұмыстары басталды. Тәркіленген медициналық маскалар арнайы сараптамадан өткеннен кейін, Алматы қаласының әкімдігіне тапсырамыз. Олар заңсыз айналымға қайта түспеуі үшін медициналық мекемелерге ақысыз жіберіледі деп үміттенемін», – деп атап өтті департамент басшысы.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай