27 Сәуір 15:10
...

83,3 млрд теңге. «Еуразиялық Банк» НЕГЕ 2022 жылдың таза кірісін МАШКЕВИЧТЕРГЕ бермеді?

Фото:

«Еуразиялық Банк» АҚ 2022 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарды. Былтыр банк кірісін ұлғайтып, 83,3 миллиард теңге таза табысқа қол жеткізді. 2011 жылы тек 13 миллиард теңге пайда көрген банк үшін бұл елеулі оқиға.

Еуразиялық Банк толығымен «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ арқылы олигархтар үштігі – МАШКЕВИЧ, ШОДИЕВ және ИБРАГИМОВАҒА қарайды. Әрқайсысының қолында 33,3% акция бар.

"Еуразиялық Банк" АҚ 2022 жылдың аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: KPMG

Бір сөзбен айтқанда, банк үш олигархқа 27 миллиард теңгеден алып келді. Бірақ олар ол ақшаны дивиденд ретінде ала алмағандықтан, банктің өзіне үлестірілмеген табыс есебінде қалдыруға мәжбүр болды. Осыдан кейін банктің жеке капиталы 197,3 миллиард теңгеге дейін көбейді. Активтері 2,35 триллион теңге, міндеттемелері 2,15 триллион теңгеге жетіп отыр.

"Еуразиялық Банк" АҚ 2022 жылдың аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: KPMG

«Еуразиялық Банк» 2017 жылы мемлекеттен 150 миллиард теңге көлемінде қаржылай қолдау алған болатын. Банктің қаржылық жағдайын мемлекет жылдық мөлшерлемесі 4%, мерзімі 15 жылға созылған облигацияларды сатып алу арқылы тұрақтандырып берді. Банктің қаржылық есебінде мемлекеттің осы көмегі арқылы 106,9 миллиард теңге пайда түскені анық көрсетілген.

Бізде 2023 жыдан бастап жұмыс істейтін ережеге сәйкес, мемлекеттен көмек алған банк оны қайтарғанша өз акционерлеріне дивиденд төлей алмайды. Сондықтан Машкевичтерге банктен пайда көру үшін мемлекетке қарызды мерзімінен бұрын қайтару керек немесе әлі 9 жылдай күтуі қажет.

«Еуразиялық банкті» универсал деп атауға келеді. Жеке клиенттер нарығында ол тұтынушылық және автонесие бағытына көп көңіл бөлгенін көріп отырмыз. Сондай-ақ ірі корпоративті клиенттерге де несие беруге қарсы емес. Жеке және заңды тұлғалардың несие қоржынындағы үлесі бір-бірімен теңескен. Оның 2022 жыл соңындағы кредиттік портфелінің баланстық құны 1 триллион теңгеден асып тұрды.

Еуразиялық Банк ірі бизнес бағыты бойынша қожайыны саналатын ERG корпорациясына қарасты компанияларға қызмет көрсетеді.

Біз оның алдында Машкевичтер тобының жаңа схема құрып, ERG корпорациясының біздегі компанияларына инвестиция салу үшін мемлекеттен 8 жыл бойы салық режимін өзгертпеуді сұрағанын жазған болатынбыз. Енді жақын уақытта инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге тараптар қол қоюы тиіс.

Келісім бойынша, «Қазақстан аллюминийі», «Қазхром», «Качары кені», «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің» әрқайсысы 8 жылдың ішінде өз өндірістеріне 259 миллиард теңгеден құяды. Ал Қазақстан ERG үшін 8 жыл бойы салық режимін өзгертпейтін болады.

Тегтер: