USD
USD
USD

83 жастағы зейнеткер төртінші қабаттан құлап көз жұмды

Көкшетауда қайғылы жағдай тіркелді.

Көпқабатты тұрғын үй
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Көкшетауда қайғылы жағдай тіркелді. 83 жастағы ер адам тұрғын үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Nayza Kokshe басылымы.

Оқиға 10 қазан күні Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Марқұмның 1942 жылы туғаны анықталды. Дәрігерлер келгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізуде, куәгерлерден жауап алынып, бейнебақылау жазбалары тексерілуде.

Мұндай қайғылы жағдайлар, әсіресе, жасы келген адамдар арасында жиі кездеседі, дейді мамандар.

Қауіпсіздік үшін тұрғындарға мына кеңестер беріледі:

  • терезелер мен балкон есіктерін ашық қалдырмау;
  • егде адамдар мен балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
  • пәтерде тайғақ кілем, биік орындық немесе қауіпті жиһаз қалдырмау.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram