USD
USD
USD

800-ге тарта мектеп салынады

Қазір алдағы сайлауға үгіт-насихат жұмыстарының жүргізіліп жатқаны белгілі.  Nur Otan  партиясы атынан Хромтау аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Нұрлан Хасанов осы мақсатта Бөгетсай ауылының тұрғындарымен кездесті.

800-ге тарта мектеп салынады
Фото: NEGE.kz

Кездесуде үміткер сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының мәні мен мазмұнын жан-жақты түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында дамудың негізгі бағыттары көрсетілген. Соның ішінде әлеуметтік сала қызметкерлеріне, халықтың әлеуметтік осал тобын қолдауға ерекше мән берілген. Сондықтан алдағы төрт жылда Nur Otan партиясы елімізде 800-ге тарта мектеп салып, 22 медициналық орталық ашуды, дәрігерлердің жалақысын 2,5 есе, мұғалімдердің еңбекақысын 2 есе көбейтуді көздейді.

«Бұл — үгіт-насихат жұмыстары барысында айтылатын жай ғана сөз емес, ол — бағдарламада бекітілген, қабылданған тұжырымдама. Осы жұмыстардың барлығы партияның ықпалымен 2025 жылға дейін іске асырылмақ», — деді  Нұрлан Хасанов.

Сондай-ақ, ол сайлаушыларға өзінің сайлауалды бағдарламасын да таныстырды. Үміткер әлеуметтік саланың дамуына үлес қосуға бағытталған өз бағдарламасында аймақта кадр мәселесін шешуге, ол үшін үнемі сараптама жұмыстарын жүргізуге ықпал ететінін де атап өтті. Сонымен қатар, ол жастардың еңбекке араласып, қоғам өміріне белсене атсалысуы үшін нақты жоспарларымен де бөлісті. Ардагерлерді қолдау, олардың еңбек тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, жалпы, адамгершілік-рухани құндылықтарға мән беру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, елді мекендерді абаттандыру сияқты өзге де проблемаларды оңтайлы шешуге араласу —  үміткердің сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан.  

Сондай-ақ, ол аз қамтылған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмекке  қолжетімділігін қамтамасыз ету, өз кәсібін ашуға мүмкіндік жасау, тұрғындардың құқықтық және кәсіпкерлік бағыттағы сауатын жетілдіруде қолдау танытатынын айтты.

— Қазір үгіт-насихат жұмыстарымен ауыл-аймақтарды аралап жүрміз. Бір байқағанымыз, соңғы кездері ауылдың әлеуметтік жағдайы реттеліп, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарған. Ең бастысы — халықтың Nur Otan партиясына деген сенімі жоғары. Әрине, шешімін таппай жатқан шаруалар да бар. Дегенмен ондай проблемалар өз кезегімен, ретімен шешілетіні белгілі, — деді үміткер.

Үміткер өз сөзінде жергілікті жерге инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосу, оның ішінде аталған сала мамандарының мәртебесін көтеру де — алдағы уақытта депутаттық міндеті екенін атап өтті.  

— Егер де аудандық мәслихат депутаттығына сіздердің қолдауларыңызбен сайланатын болсам, осы және өзге де өзекті мәселелерді шешуге  білімімді, тәжірибемді, күш-жігерімді қолданып, адал қызмет етуге сенім  білдіремін, — деді ол.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары тарапынан да сауалдар жолданды. Үміткер көтерілген мәселелерге қатысты жауап берді.

«Nur Otan» партиясының Хромтау аудандық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.