USD
USD
USD

8 наурыз қарсаңында әр анаға 9830 теңге беріледі

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай, елордада 36 мыңға жуық көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған аналар біржолғы әлеуметтік төлем алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Есеп, төлем, бухгалтер
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 қазандағы № 84/10-VIII қаулысымен бекітілген елорда бойынша әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлемелерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға — 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілетін болады.

Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы