USD
USD
USD

8 мың Ақтөс бар: Қазақстанда үй жануарларына қойылатын танымал есімдер аталды

Қазақстанда иттерге ең жиі қойылатын ат – Ақтөс, ал мысықтар арасында Мурка есімі көш бастап тұр. TAÑBA бірыңғай ақпараттық жүйесінің деректері еліміздегі үй жануарларының ең танымал есімдерін анықтауға мүмкіндік берді.

Ит пен мысық
Фото: Depositphotos

Астана, NEGE. Қазір TAÑBA жүйесінде 400 мыңға жуық үй жануары тіркелген. Олардың басым бөлігі – иттер мен мысықтар. Тізілімде 291 761 ит және 107 414 мысық есепте тұр.

Иттер арасында бірінші орында – Ақтөс. Қазақстанда бұл атты 8 863 ит иеленген. Екінші орында 6 027 көрсеткішпен Шарик тұр, ал үздік үштікті Рекс түйіндейді – 5 409.

Ең танымал ондыққа Тузик – 4 243, Лайка – 4 137, Арлан – 3 012, Мойнақ – 2 382, Алапар – 2 056, Барсик – 2 004 және Барбос – 1 963 енген.

Мысықтар арасында Мурка есімі көш бастап тұр – бұл ат 2 236 мысыққа қойылған. Одан кейін Муся – 1 529 және Барсик – 1 491. Сондай-ақ алғашқы ондықта Мурзик (842), Соня (833), Рыжик (721), Симба (698), Алиса (657), Вася мен Кузя (604-тен) бар.

Бір қызығы, Барсик иттердің де, мысықтардың да ең танымал он есімінің қатарына кірген.

Инфографика
Midjourney

 

Борис есімді капибара, Айша есімді тасбақа

TAÑBA жүйесінде тек иттер мен мысықтар ғана емес, сирек кездесетін үй жануарлары да бар. Қазір тізілімде сегіз үй қояны, төрт күзен, сондай-ақ бір-бірден тасбақа, сәндік егеуқұйрық, шағын тұқымды шошқа, атжалман және капибара тіркелген.

Олардың есімдері де ерекше. Мәселен, жүйеде Борис есімді капибара, Айша есімді тасбақа, Томпи есімді атжалман, Библик есімді шағын тұқымды шошқа және Финик есімді сәндік егеуқұйрық бар.

Үй қояндарының арасында Кембридж, Оксфорд, Рафинад және Снежинка деген аттар кездессе, күзендерге Пирожок, Умка, Кипиш және Жижа есімдері қойылған.

TAÑBA – Қазақстандағы үй жануарларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі. Жануарды тіркеген кезде электрондық паспорт жасалып, оған жануардың аты, тұқымы, жынысы, туған күні, сәйкестендіру нөмірі мен иесі туралы мәліметтер енгізіледі. Жүйеде вакцинация, стерилизация және басқа да ветеринариялық рәсімдер туралы ақпарат та сақталады. 

Қазір оқып жатыр

Көлік жүргізушілерінің шағымынан кейін Павлодардағы бензин сапасы тексеріліп жатыр

Бензин, дизель

Алматыдағы блэкаут: Бектенов оңтүстік өңірлерді электр энергиясымен қамтуды күшейтуді тапсырды

электр

Алғашқы Құрылтай сайлауында «Әділет» партиясы 71,17% дауыс жинап, жеңіске жетті

Құрылтай сайлауы

Бірқатар өңір жылыту маусымына әлі толық дайын емес

ауа