USD
USD
USD

8 ақпанда еліміздің барлық қаласында дабыл қағылады

2024 жылғы 8-9 ақпанда елімізде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлады ТЖМ.

Дабыл, Сирена
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

«Сонымен қатар, «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2024 жылғы 8 ақпанда, сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы