USD
USD
USD

8 адамның өліміне әкелген жол апаты: Жүргізуші өз кінәсін мойындады

Мемлекеттік айыптаушы Сергей Соловьевті 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ақтөбе облысы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысында болған қайғылы жол апатына кінәлі деп танылған жүк көлігінің жүргізушісі шетел азаматы Сергей Соловьев өз кінәсін мойындады, деп хабарлайды ю КТК.

«Тамыз айында Самара – Шымкент тасжолында болған апатта бес жасөспірім футболшы мен үш ересек азамат қаза тапты. Олар Маңғыстау облысына футбол турниріне бара жатқан. Жолда Toyota Ipsum минивэні жүк көлігімен соқтығысып, салонда болғандардың барлығы: 11 жастағы бес оқушы, 37 жастағы әке, көлік жүргізушісі және тағы бір ересек жолаушы қаза тапты», — деп жазылған материалда.

Қайғылы оқиғаға байланысты жүк көлігінің жүргізушісі, Беларусь Республикасының азаматы Сергей Соловьев айыпталып отыр. Сот отырысында 37 жастағы айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінішін білдірді.

Қаза тапқандардың туыстары моральдық өтемақы ретінде 70 миллион теңге талап етті. Айыпталушы өтемақы төлеуге келісім бергенімен, соманы азайтуды сұрады. Оның айтуынша, отбасының қаржылық жағдайы қиын, өйткені ол – жалғыз асыраушы, ал жұбайы декреттік демалыста.

Мемлекеттік айыптаушы Сергей Соловьевті 5 жылға бас бостандығынан айыруды және көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айыруды сұрады.

Қазір оқып жатыр

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы