USD
USD
USD

7 жасар қызды шешіндірмек болған күдікті ұсталды

Алматыда 19 жастағы ер адам 7 жасар қызды шешіндірмек болды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері айтты. Оқиға камераға түсіп қалған. Кадрдан ер адамның баланы көтеріп бара жатқаны көрінеді.

7 жасар қызды шешіндірмек болған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 13.00-де Түрксіб ауданындағы шағын аудандардың бірінде болған.

«7 жастағы қыз дүкеннен үйіне кіріп келе жатқан. Оның артынан ер адам қоса кіреді. Баланы қолына алып, баспалдақпен қайтадан төменге түседі. Кейін оны камераға түспейтін қуысқа алып кіргені көрінеді. Онда ер адам баланы шешіндіріп, тиісе бастаған. Бала қашып шығады. Үйіне келіп, болған жағдайды анасына айтып берген. Анасы бірден полицияға хабарласты. Бұл қылмысты «ізін суытпай» ашуға ықпал етті», – деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустам Әбдірахманов.

Күдікті ретінде 2002 жылы туған ер адам ұсталды. Сол шағын ауданда тұратыны анықталған. Ол ақыл-есі кем ретінде тізімде тұратыны белгілі болды.

«Бұл факт ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қылмыстық іс бойынша тергеу шаралары мен сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатыр», – деді подполковник Абдрахманов.

Қазір оқып жатыр

Қандастар Президенттен KazTest талаптарын қайта қарауды сұрады

Төлқұжат

Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов, Ерсайын Нағаспаев

Игорь Лепеха ішкі істер вице-министрі қызметінен кетті

Игорь Лепеха

Жолдау: инфрақұрылымдық жаңғыру және Қазақстанның транзиттік әлеуеті

Айсұлу Қоспанова