USD
USD
USD

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 31 наурыз 1 сәуір аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде нөсер шашын жауады. 31 наурыз - 2 сәуірде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз 31 наурызда кей жерлерде найзағай ойнайды. Күндіз 31 наурыз, тәулік бойы 1 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді. Таразда түнде 1 сәуір күні нөсер жауын жауады. 31 наурыз-2 сәуірде кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз 31 наурызда найзағай ойнайды. Күндіз 31 наурыз - 1 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. 31 наурыз күні Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Солтүстік-батыстан жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылордада 31 наурызда күндіз солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 31 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қостанай облысыың кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. 31 наурызда-1 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз 31 наурызда, түнде 1 сәуірде кей жерлерде күші 15-20 м/с-қа, күндіз 1 сәуірде күші 15-20-қа, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Петропавлда күндіз 31 наурызда, тәулік бойы 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 1 сәуірде екпіні 25 м/с болады. 31 наурызда-1 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз 31 наурызда, түнде 1 сәуірде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 1 сәуірде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с болады. Петропавлда күндіз 31 наурызда, тәулік бойы 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз 1 сәуірде екпіні 25 м/с күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер