Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

7 мыңнан астам азамат ипотека төлемдерін кейінге қалдырған

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларының 7 мыңнан астам қатысушысы төлемдерін кейінге қалдыру үшін банктерге жүгінді. Бұл туралы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ хабарлады

7 мыңнан астам азамат ипотека төлемдерін кейінге қалдырған
Фото: NEGE.kz

.

Елде төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларының 6887 клиенті үшін жалпы сомасы 2 млрд теңгеден асатын ай сайынғы төлемдер кейінге қалдырылды. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі коронавирустық пандемия салдарынан қиын жағдайға тап болған қарыз алушыларға қолдау көрсету мақсатында ипотекалық несиелердің төлемдерін шегеруге шешім қабылдаған болатын.

Шегеру негізгі қарызды және (немесе) сыйақыларды айыппұлдар мен өсімпұлдарсыз кейін өтеуді көздейді және қарыз алушылардың несиелік тарихын бұзбайды.

Банктер төлемдерді кейінге қалдыру бойынша азаматтар өтінішін 2020 жылдың 15 маусымына дейін қабылдайды.

Ұлттық банктің ипотекалық бағдарламалары бойынша бүгінгі күні 38 065 отбасы үйлі болды. Оның ішінде 14 824 несие «7-20-25» бағдарламасы бойынша, 23 241 несие «Баспана хит» бағдарламасы бойынша берілді.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.