USD
USD
USD

7 ай бойы жазықсыз қамалған шенеунік мемлекеттен 5 млн теңге өндіріп алды

Ағаштарды кесуге рұқсат бергені үшін 200 мың теңге алды деген кінә тағылған Ақтөбе облысы орман шаруашылығы басқармасының бас маманы Нұрдәулет Шәріповтің жазықсыз қамалғаны белгілі болды. Сот кінәліні ақтап, мемлекетті шенеунікке моральдық шығын өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды «Диапазон» басылымы.

7 ай бойы жазықсыз қамалған шенеунік мемлекеттен 5 млн теңге өндіріп алды
Фото: NEGE.kz

Ақтөбе, NEGE.  Басылымның жазуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Шәріповті ұстап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, істі сотқа берген. Ал сотта айыптау жақтың дәлелдері нақтыланбай, сот өз кезегінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жасалған өрескел олқылықтарды байқаған. Нәтижесінде сот Шәріповтың қылмыс жасамағанын анықтап, оны ақтап шықты.

Ақталған азамат Қаржы министрлігінен заңсыз қылмыстық қудаланғаны үшін моральдық шығынды өтеуді талап етті. Сот кінәсіздің қамауда 7 айдан астам уақыт болғанын анықтады. Тұтқындалғанға дейін оның адал, абыройлы адам ретіндегі беделі болған, сондай-ақ, ол төрт баланың әкесі.

Жалпы, сот талапкердің моральдық шығынды өтеуге құқығы бар деген шешім шығарып, Қаржы министрлігін оған заңсыз қылмыстық қудалау жасағаны үшін 3 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді. Қылмыстық істі қарау барысында ер адам адвокат пен заңгерге 2 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Бұл ақшаны да мемлекет оған сот шешімімен қайтарады. Тергеудің қателіктері үшін өтемақыны мемлекет салық төлеушілердің қалтасынан төлейді. 

Қазір оқып жатыр

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер