USD
USD
USD

7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,1 пайызға өсті. 

7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,1 пайызға өсті. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті.

«Ағымдығы жылдың жеті ай ішінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,1%-ға өсіп, құрылыс секторы жоғары қарқын көрсетуде. Көрсеткіштің оң өсімі барлық өңірлер бойынша тіркелген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының ең жоғары өсуі Түркістан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды», - деді Ә. Ерғалиев.

Оның айтуынша, тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша да оң динамика байқалуда. Биылғы қаңтар-шілдеде 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсуі 10,3%-ды құрады.

«Есепті кезеңде барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика