USD
USD
USD

76 жастағы кейуана «Супер әже» атанды

Астанада 76 жастағы зейнеткер "Супер әже-2023" байқауының жеңімпазы атанды,- деп жазды Stan.kz.

76 жастағы кейуана «Супер әже» атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордада өткен ресми байқауға барлығы 63 пен 76 жас аралығындағы 10 әйел қатысқан. Олардың арасында жоғары санатты ұстаздар мен дәрігерлер, халық хорының әншілері және республикалық еріктілер қозғалысына қатысушылар болған.

Әжелер бар өнерлері мен аспаздық қырларын көрсетіп, ұлттық билер мен вокалдық нөмірлерді орындады. Байқау қорытындысы бойынша Күлпаш Қалқабекова жеңіске жетіп жеңімпаз тәжі мен 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

"Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға осындай байқау үшін үлкен рахмет. Оларға жеңімпазды таңдау қиын болғаны сөсіз. Біз бәріміз белсенді, көңілді жандармыз. Мен ансамбльде ән айтамын, би үйірмесіне барамын. Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен, сенім білдіріп, көмектескен отбасыма алғыс айтамын. Барлық ата-әжені үйде отырмай, белсенді болуға шақырамын", - деді Күлпаш Қалқабекова.

"Супер әже-2023" байқауы биыл Астанада алғаш рет өтіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID