USD
USD
USD

76 адам аптап ыстықтың құрбаны болды

АҚШ-тың Орегон және Вашингтон штаттарында 76 адам қалыптан тыс ыстықтың құрбаны болды, ал дененің қызып кетуіне байланысты ауруханаға жатқызылғандардың саны жүздеп саналады, – деп хабарлайды The Wall Street Journal газеті.

 76 адам аптап ыстықтың құрбаны болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылымның мәліметінше, тек Орегон штатында дененің қызып кету салдарынан 63 адам қайтыс болды. «Бұл нағыз денсаулық дағдарысына айналды. Қалыптан тыс ыстықтың өлімге апарып соғатынын көрсетті. Біздің жақта жаз бұдан да қатты ысиды, сондықтан бұл жағдай әлі де қайталанады деп ойлаймын», – дейді Малтнома округінің (Орегон) Денсаулық сақтау департаментінің өкілі доктор Дженнифер Вайнс.

Портлендта және штаттың басқа да қалаларында осы аптада температура 46 градусқа дейін көтерілді. Көршілес Вашингтон штатында сәл салқындау болды, онда ыстық салдарынан болған 13 өлім расталды.

Көз жұмғандар 44-тен 97 жасқа аралығында.

Олардың өлімінің себебі гипертермия –дененің ыстықты жеңе алмайтындай қызып кетуі. Вашингтонның медицина басқармасы аптап салдарынан өзін нашар сезінген 1 648 адамға шұғыл барғандары туралы хабарлады.

358 жағдайда адамдар стационарлық емделуге жіберілді. АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің болжамына сәйкес, елдің батыс жағалауындағы қалыптан тыс ыстық тағы бірнеше күнге созылады.

Қазір оқып жатыр

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев