USD
USD
USD

75 мыңнан астам оқушыға компьютер керек

Алматыда 75 мыңнан астам оқушы мен 2 мыңнан астам мұғалімге компьютер жетіспейді. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифинг барысында мәлім етті. 

75 мыңнан астам оқушыға компьютер керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елордадағы еріктілер мектебінде оқу қалай жүргізіледі «Қашықтан оқытуға балалардың техникалық дайындығын қамтамасыз ету қолға алынды. Осы мақсатта балалардың және мұғалімдердің компьютермен қамтылуын анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 75 мыңнан астам баланың және 2 мыңнан астам мұғалімді компьютермен қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Аталған мәселені шешу қолға алынды»,– дейді Қайрат Жұманов. Сонымен қатар, ол қашықтан оқыту форматында жұмыс істеу үшін мұғалімдердің дайындықтан өткенін жеткізді. «2020 жылғы 5 тамыздан бастап мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын жетілдіру және оларды Bilimland.kz, Opiq.kz, Kundelik.kz, Microsoft.Teams атты платформалармен жұмыс істеуге үйрету бойынша онлайн курстар ұйымдастырылды. Бүгінгі күні 15 444 мұғалім оқыды. Сондай– ақ, интернет желісімен қамтылмаған 22 мыңнан астам оқушыға SIM-карталар берілетін болады»,– дейді ол. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай