USD
USD
USD

75 млн теңге пара алмақ болған «Алматы Су» өкілі 5 жылға сотталды

«Алматы Су» бас директордың орынбасары – департамент басшысы Мақсат Жолдыбаев 75 миллион теңгені ұрлауға оқталғаны үшін 5 жылға сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді. 

Айбат Ерғалиев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Іс тергеліп, сотта қаралды. Тіпті, кәсіпкерден 75 миллион теңге алмақ болды деген айып тағылғанымен, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылғаны БАҚ беттерінде жарияланды. Қадағалау органының (прокуратураның) наразылығы бойынша апелляциялық шағым жасалып, үкім өзгертілді. Оған нақты 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ол сот залында қамауға алынды», - деді Д. Құрақбаев.

Еске салсақ, былтыр сәуір айында Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті ауыр қылмыс жасады деген күдікпен «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасарын ұсталған болатын. 

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай