USD
USD
USD

Айлығы – 1,2 млн теңге, коммуналдық төлемі – 75 мың: Ақкенженов табысын жариялады

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ай сайын коммуналдық қызметтерге 75 мың теңге көлемінде жұмсайтынын айтты. Сондай-ақ ол алдағы уақытта тарифтерді көтеру жоспары жоқ екенін мәлімдеді.

Ерлан Ақкенженов
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Үкімет отырысынан кейінгі брифингте журналистер министрден коммуналдық қызметтерге ай сайын қанша ақша жұмсайтынын сұрады.

«Шамамен 73-75 мың теңге төлеймін. Highvill тұрғын үй кешенінде тұрамын. Бұл сомаға интернет пен автотұрақ ақысы кірмейді. Бір автотұрақ орнын жалға аламын. Ал айлығым шамамен 1 миллион 200 мың теңге», – деді Ерлан Ақкенженов.

Ал KEGOC басқарма төрағасы Нәби Айтжановтың айтуынша, компанияның өндірістік персоналының орташа жалақысы 615 мың теңгені құрайды. Техникалық қызметкерлердің жалақысы жыл сайын кемінде 10 пайызға өсіп отырады.

Бұдан бөлек, журналист электр энергиясын тұтыну жыл сайын 1-2 пайызға өсіп жатқанын айтып, тарифтердің көтерілуі бұл өсімді тежеуге қаншалықты көмектесетінін және тарифтерді көтеру қашан тоқтайтынын сұрады.

Министрдің түсіндіруінше, тарифтерден түсетін қаражат энергетикалық нысандарды жөндеуге және жабдықтардың сенімділігін арттыруға жұмсалады. Сонымен қатар министрлік коммуналдық тарифтердің алдағы уақытта бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқ.

«Энергетика министрлігі тарифтерді көтеруді жоспарлап отырған жоқ. Біз тарифтерді көтергіміз келмейді», – деп жауап берді Ерлан Ақкенженов.

Айта кетейік, энергетика министрі Үкімет отырысында биыл жылыту маусымына дайындық аясында электр станцияларында 8 энергия блогы, 49 қазандық және 37 турбина жөндеуден өткенін мәлімдеді. 

Қазір оқып жатыр

Трамп ұлдарының Қазақстандағы вольфрам жобасына АҚШ 1,6 млрд доллар бөлмеуі мүмкін

Вольфрам өндірісі

Абай облысында тереңдігі 15 метр болатын алтын карьері анықталып, 9 адам ұсталды

Заңсыз өндіріс орны

Қазақстандағы жылу желілерінің тозуы 48 пайызға дейін төмендеді

Жылу

Ақтөбедегі студент қазасы: анасы ұлына қысым көрсетілгенін айтады

Нұрбақыт Бақыт