USD
USD
USD

725 мыңға жуық адам жәрдемақы алды

Қаңтар-мамыр айларында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 5,7 млн адамды құрады. Түскен әлеуметтік аударым мен өсімпұл сомасы 126,5 млрд теңгеге жетті.

725 мыңға жуық адам жәрдемақы алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы кезеңде шамамен 725 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 131,8 млрд теңгеге әлеуметтік төлем алған.

Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген кезеңде МӘСҚ-тан мынадай төлемдер жүзеге асырылды:

– бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді 60,7 млрд теңге сомасына 430 862 адам алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% - ға артық;

– жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді 45,1 млрд теңге сомасына 92 739 адам алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% артық;

– 64 440 адам 7,8 млрд теңге сомасына жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық;

– асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді 51 749 адам 7,2 млрд теңге сомасына алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық;

– еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда 85 343 адам 11,1 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем алды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

күдікті

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

.

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

.

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

.