Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекаларына 90 күндік шегерім берілді

Ол шешімді бүгін Ұлттық Банк жариялады. Шегерім төтенше жағдай енгізілген күннен, яғни 16 наурыздан бастап жұмыс істейді.

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекаларына 90 күндік шегерім берілді
Фото: NEGE.kz

"Бағдарламаларға толықтырулар коронавирустық инфекция пандемиясының таралуы және елде төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушылар үшін негізгі борыш және (немесе) сыйақы төлемдері бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күнге дейінгі мерзімге айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар есептеместен мерзімін ұзартуды көздейді" - деп жазылған, хабарламада.

Банктер қарыз алушыларды қолдау үшін барлық шараларды қабылдауға және олардың мәселелерін жеке-жеке шешуге тиіс. Төтенше жағдай кезеңінде қиын ахуалға тап болған қарыз алушылар банктермен бірлесіп төлемдер бойынша ақы төлеудің ыңғайлы тетігін әзірлеп шығарады. Бұл ретте аталған өзгерістер кредиттік бюроға ұсынылатын қарыз алушылардың кредиттік тарихына әсер етпейді.

Шегерім несие мерзімін ұзартпайды. 90 күнге үзіліс береді. "Мысалы, сіз сол 90 күн төлемей, банкке сол уақыт аралығында 150 мың теңге қарыз болып отырсаңыз, ол қарызды бірден төлемейсіз. Графигіңіз қайта қаралып, қарызыңыз қалған айларға бөлініп беріледі. Сонда оның ауырлығы білінбейді" - деп түсіндірді, Nege.kz хабарласқан банк мамандары. Және бұл төлемеген уақытта азаматтың кредиттік тарихы бұзылмайды.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.