USD
USD
USD

«7-20-25» ипотекасымен пәтерді үйден шықпай алуға болады

Цифрлік ипотека жүйесін енгізген Freedom Finance Bank "7-20-25" бағдарламасының қатысушысы болды. Қазақстанның орнықтылық қоры мен банк арасында тиісті келісімге қол қойылды.

«7-20-25» ипотекасымен пәтерді үйден шықпай алуға болады
Фото: NEGE.kz

Freedom Finance Bank "7-20-25" бағдарламасын өзінің цифрлық ипотекасы негізінде іске асырмақ. Осылайша, азаматтар "7-20-25" бағдарламасының жеңіл шарттарын пайдалана отырып, онлайн режимде құрылыс компаниясынан пәтер таңдап, ипотеканы рәсімдей алатын болады.  

"Freedom Finance Bank "7-20-25" бағдарламасының мүмкіндіктері мен ауқымын кеңейтеді. Тұрғын үй бағдарламасының жеңілдіктері мен банктің цифрлық технологиялары азаматтардың қолайлығын, жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", – деді "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ  басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдыков.

"7-20-25" бағдарламасының артықшылықтары оның атауында көрсетілген. Қарыздар төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша – жылдық 7%, 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының 20 пайызын құрайды. Несиелеу объектісі - бастапқы жылжымайтын мүлік.

Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге, Қарағанды үшін 20 млн теңге, қалған өңірлер үшін 15 млн теңге. Қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды. 2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша 471 млрд теңге сомасына 38 052 қарыз берілді.

Осылайша, "7-20-25" бағдарламасына екінші деңгейдегі 9 ірі банк қатысады: ЦентрКредит Банкі, Сбербанк, Халық банк, Еуразиялық банк, Bank RBK, Jusan bank, ForteBank, Altyn Bank және Freedom Finance Bank.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары