Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

70 мың адам қауіпті аймақта қалды           

Орталық Қытайдың Хунань провинциясында 70 мыңнан астам адам қатты нөсер жаңбыр мен ірі су тасқыны пайда болу қаупі салдарынан қауіпті аймақта қалып қойды. Бұл туралы сенбі күні Синьхуа агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

70 мың адам қауіпті аймақта қалды           
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Агенттік мәліметінше, өңірдің 18 қаласы мен ауданында нөсер жаңбыр жауған. Құтқару қызметі 1,8 мың тұрғынды эвакуациялады. Жергілікті метеорологиялық қызметтің хабарлауынша, кей өзендерде су деңгейі 1-6 м-ге дейін көтерілген. Провинция әкімшілігі тұрғындарға ірі су қоймаларының жанына және ылди жерлерге жоламауға кеңес береді. Төтенше жағдайларға дереу жауап беру жедел қызметі ең қауіпті жерлерді бақылауға алды. Сонымен бірге табиғи апаттың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында көкпар кезінде көз жұмған баланың туыстары шағымын жеткізді

Дінмұхаммет

Оңтүстікте өрт кезінде оқ-дәрі жарылды

Арыс

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов