USD
USD
USD

700 мың қазақстандық 42 500 теңге алмақ

700 мың қазақстандық 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама алды, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

700 мың қазақстандық 42 500 теңге алмақ
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Төтенше жағдай (бұдан әрі – ТЖ) кезеңінде төлемдер алған, қызметінің қайта шектелу мүмкіндігі жоғары 700 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді проактивті тағайындау туралы SMS хабарлама түсті», - делінген жұмадағы хабарда.
Еске салсақ, 13 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасатынын хабарлаған еді. Мемлекет басшысы шілде айына мұқтаж жандарға үкіметтің Т42,5 мың төлейтінін мәлімдеді. 14 шілдеде белгілі болғандай, ҚР ЕХӘҚМ біржолғы төлем жасау ережесін әзірлеуде және азаматтардан өтінім қабылдауды 17 шілдеде бастауды жоспарлауда екен.
16 шілдеде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына 42500 төлеу талаптарын жариялады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар