Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

700 мың азамат ЭЦҚ-ны онлайн алды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) карантин жағдайындағы жұмысы, ондағы бүгінгі проблемалар мен оның шешімі туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарушы директоры Мұрат Жұманбай айтып берді.

700 мың азамат ЭЦҚ-ны онлайн алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Карантин жағдайына байланысты біздің корпорацияның көптеген қызметтерін қалың көпшілік онлайн түрде алып жатыр. Яғни, оларда үйде отырып, электронды түрде өтініш қалдырып, қажетті қызметті алу мүмкіндігі бар. Осы тұрғыда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн түрде алуға мүмкіндік жасады. Соңғы 2 айдың ішінде 700 мың қазақстандық электронды цифрлық қолтаңбаны онлайн түрде алды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы халық жиі тұтынатын екінші қызмет түрі ол құжаттандыру. Оның ішінде мерзімінің бітуіне байланысты жеке куәлікті немесе көлік төлқұжатын ауыстыру. Сондай-ақ, жаз мезгілі болғандықтан автомобиль көліктерін тіркеу және рәсімдеу қызметі тұрғындар арасындағы ең көп сұранысқа ие қызмет болып отыр», – деді Мұрат Жұманбай.

Қазір оқып жатыр

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын соққытаяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел

Қызылорда облысында заңсыз алтын өндірді деген күдікпен 13 адам қамауға алынды

заңсыз алтын өндірісі