70-жылдары ұшырылған кеңестік «Космос-482» ғарыш кемесі Үнді мұхитына құлады

1972 жылы ұшырылған «Космос-482» аппараты орбитадан шығып, Үнді мұхитына құлағаны туралы ақпарат «Роскосмос» Telegram-арнасында жарияланды.
Алматы, NEGE. Сала мамандарының мәліметінше, аппарат Мәскеу уақыты бойынша таңғы 9:24-те атмосфераның тығыз қабаттарына еніп, Ортаңғы Андаман аралынан 560 шақырым батысқа қарай орналасқан нүктеде жерге түсті. Құлау нүктесі Джакартаның батысында орналасқан.
«Космос-482»-нің орбитадан шығуы Жер маңындағы кеңістіктегі қауіпті жағдайлар туралы ескерту жүйесінің автоматтандырылған құралдарымен бақыланған.
Бұл аппарат Венераны зерттеуге арналған болатын, алайда үдеткіш блогындағы ақауға байланысты Жер орбитасынан шыға алмай қалды.
1972 жылғы сәтсіз ұшырылымнан кейін «Космос-482» Жердің эллипстік жоғары орбитасында қалып қойды. Ондаған жыл бойы оның траекториясы біртіндеп төмендеп, ақырында бақылаусыз түрде орбитадан шығып, мұхитқа құлады.
«ВЗГЛЯД» газеті жазғандай, «Роскосмос» баспасөз қызметі бұған дейін «Космос-482» аппараты 9–10 мамырда Жер атмосферасына еніп, құлауы ешқандай қауіп төндірмейтінін мәлімдеген болатын.