2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

«7-20-25» бағдарламасы Қазақстан армиясының сарбаздарына жеңілдік жасады

Заңнамалық өзгерістерге сәйкес, 2024 жылдың 30 қазанынан бастап «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаздарға негізгі қарыз және несие сыйақысы бойынша төлемдерге әскери қызмет мерзімінде және оның аяқталғаннан кейінгі 60 күнге дейін шегеру берілді. Және бұл кезеңде несие сыйақысы есептелмейді.

Бағдарлама
Фото: Фото: ғаламтордан

Кредиттік шегеру «7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері арқылы автоматты түрде беріледі. Сарбаздарға банкке өтініш берудің қажеті жоқ.

«7-20-25» бағдарламасының 2025 жылғы қаржыландыру көлемі өзгеріссіз қалады – 100 млрд теңгеге дейін. Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдан бастап бағдарламада жыл сайынғы 100 млрд теңге көлеміндегі кредиттеу лимиті бекітілген болады.

Бағдарламаның операторы – «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ банктердің Бағдарлама шарттарымен берген кредиттерін ағымдағы бюджет шегінде өтейді. Осылайша, банктер Бағдарлама бойынша алдын ала қаржыландырылмайды.

Бағдарлама бастапқы, пайдалануға берілген тұрғын үйлерге ипотекалық несие береді. Азаматтар Бағдарламаға бір рет қана қатыса алады. «7-20-25» бағдарламасының серіктес банктері: Freedom Банк Қазақстан, ЦентрКредит Банкі, Halyk Bank, RBK Bank, Altyn Bank, Еуразиялық банк, Fortebank.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті