USD
USD
USD

Халыққа «7-20-25» бағдарламасы аясында 1 триллион теңге қарыз берілген

Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Бағдарлама
Фото: Фото: ғаламтордан

«2025 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1,080 трлн теңгеге 77 916 қарыз берілді», –делінген ақпаратта.

Оның ішінде:

Астана қаласы – 452,5 млрд теңге (28 387 өтінім)

Алматы қаласы – 255,4 млрд теңге (16 177 өтінім)

Шымкент қаласы – 74,1 млрд теңге (5793 өтінім)

Айта кетейік, «7-20-25» — бұл Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Жолдауында айтылған «Әр отбасы үшін баспана сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» алғашқы бастамасының міндеттерін іске асыру шеңберінде әзірленген. «7-20-25» бағдарламасының операторы - «Қазақстанның тұрақтылық қоры» АҚ.

Қазір оқып жатыр

Қаржыдан мұнайға ауысу оңай емес. Кеңес Рақышев НЕГЕ борыштан көз ашпады?

Ракишев

Астанада жеке клиника басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

скриниг

Тоқаев жақында тағайындалған Халық Кеңесі төрағасының орынбасарын қабылдады

Тоқаев, Жайсаңбаев

Құрылтай сайлауына 34,3 млрд теңге бөлінеді

ОСК