USD
USD
USD

6 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, деп хабарлайды Бас прокуратура. 

6 жыл бұрын адам өлтірді деген күдікті Германиядан Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған.

Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады.

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

автокөлік өндірісі

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

Ветеринар дәрігер