USD
USD
USD

6 жастағы балалар бетперде тағуы керек

Францияда 3 қаңтардан бастап қоғамдық орындарда алты жастан он жасқа дейінгі балалар бетперде тағуы керек екені туралы қаулы қабылданды.

6 жастағы балалар бетперде тағуы керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін 11 жастан асқандар ғана қоғамдық орындарда, соның ішінде көлікте бетперде тағуға міндеттелді. Енді бұл шығармашылық немесе спорттық сабақтарда болмаған кезде одан да төмен жастағыларға қатысты болады. Бұл туралы ресми жарияланған қаулыда айтылды.

Мамандар қазір Франциядағы жағдай тұрақты емес екенін мәлімдеді. Тәулігіне жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты. Президент Эммануэль Макрон жаңажылдық үндеуінде азаматтарға алдағы апталар өте қиын болатынын ескертті.

Бұған дейін премьер-министр Жан Кастекс 3-23 қаңтар аралығында кинотеатрларда, театрларда, сондай-ақ, қоғамдық көліктерде және стадиондарда тамақ ішу және сусын ішу тыйым салынатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, кей жерлерде аптасына кемінде үш күн қашықтан жұмыс істеу енгізілді.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі