USD
USD
USD

6 шілдеде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оңтүстік циклон еліміздің барлық дерлік аумағына әсер етіп жатыр.

6 шілдеде ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Жаңбыр жауады, солтүстікте және орталықта қатты жаңбыр жауады. Күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл болады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ұлытау облысының батысында қатты жаңбыр жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.             

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан күші 9-14 м/с болатын жел соғады. Ауаның температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Желдің күші 2-7, екпіні 13 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С.

Шымкент қаласында көшпелі бұлт шығады. Оңтүстік-батыстан күші 8-13 м/с болатын жел соғады. Ауаның температурасы түнде +15+17°С, күндіз +32+34°С болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу

Назарбаев зияткерлік мектептерін қаржыландыру қысқармайды – министр

қымбат сыйлық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны