USD
USD
USD

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 22 қаңтарда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 23-28 м/с жетеді. Шымкент қаласында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, тәулік бойы 22, түнде 23 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алдап алған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы