USD
USD
USD

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 19 қарашада бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады.

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығындатұман түседі.

19 қарашада таңертең және күндіз Алматы облысының солтүстік- шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың оңтүстігі мен шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-батысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» талапқа сай келмейтін 340 адамға 7,7 млрд теңге шәкіртақы төлеген

Шәкіртақы

Қыз алып қашу заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады – Артур Ластаев

Қыз алып қашу

Қазақстан өнеркәсіптік әлеуетін арттыруда: жаңа зауыттар, энергетика және өңірлерге тартылған инвестициялар

Коллаж

Спорт министрлігі: «Асаубаеваның дайындығына 2026 жылы 100 млн теңге бөлінді»

Жарасбаев