USD
USD
USD

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

 Қазгидромет Қазақстанның алты өңірінде 1 мамырда ауа райына байланысты ескерту жариялады. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі.

6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Түнде кей жерлерде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Елордада да 1 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-18 м/с. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл болады. Павлодар облысында батыс желі түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с жылдамдықпен соғады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-100 %.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы