USD
USD
USD

6 наурызға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, тұман

  6 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынды болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

6 наурызға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, тұман
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, көктайғақ болады, жел 15-20, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде -1 градустан +1 градусқа дейін, ал күндіз 1-3 градус жылы. Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 2-7 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 12-14 градус жылы. Ақтауда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градус, күндіз 5-7 градус жылы. Көктайғақ, қатты жел, шаңды дауыл күтіледі. Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с.

Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус суық. Өңірде бұрқасын, көктайғақ, жел күшейеді. Атырауда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 2 градусқа дейін аяз. Облыс аумағында бұрқасын болады, көктайғақ, жел күшейеді. Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 1-3 градус суық болады. Сондай-ақ тұман түседі, көктайғақ. Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін суытады, күндіз 1-3 градус жылы. Тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Қостанайда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 15-20 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 2 градусқа дейін суытады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 10-12 градус жылы.

Бұл өңірде де көктайғақ болып, жел күшейеді. Павлодарда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде -1 градустан +1 градусқа дейін, ал күндіз 4-6 градус жылы. Петропавлда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2 градусқа дейін жылы. Талдықорған қаласында көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, жел 4-8 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы болады. Таразда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жаңбыр жауады, жел 9-14, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетеді.

Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 13-15 градус жылы. Түркістанда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел 8-13, екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы болады. Шымкентте күн бұлтты, түнде және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 8-13, екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 11-13 градус жылы болады. Оралда көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз жауын-шашынды болып, жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус суық. Өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді. Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр араласқан қар жауады, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін суытса, күндіз 6-8 градус жылы болады. Тұман түседі, көктайғақ, жел күшейеді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық