USD
USD
USD

6 млн теңгені жымқырған экс-шенеунік елге қайтып оралмақ

 Жемқорлық қылмысын жасап, шетелге қашып кеткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Казводхоз» РМК-ның Ақмола филиалы директорының бұрынғы орынбасары өз еркімен елге оралмақ.  

6 млн теңгені жымқырған экс-шенеунік елге қайтып оралмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін онлайн режимде өткен брифингте облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев айтты. ​Ведомство басшысының айтуынша, облыстың жемқорлыққа қарсы қызметі әртүрлі жазаға тартылған ҚР АШМ «Казводхоз» РМК-ның бірқатар лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Осы ретте, аталмыш кәсіпорынның Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары сотқа дейінгі тергеу шараларынан қашып, АҚШ аумағына жасырынған болатын. Оған халықаралық іздеу жарияланды. «Жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері іздеуде жүрген адамның туыстарымен жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті биылғы 21 тамызда келтірген шығынды, яғни 46 187 614 теңгені толығымен өтеді. Сонымен бірге, ол Қазақстан Республикасына қайтып келуге дайын екенін жеткізді», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев. 

Қазір оқып жатыр

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Әділет Алмат

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

бағасы

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Итбалық

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

ҰБТ