USD
USD
USD

6 қалада қоқыс жағатын зауыт салынбақ

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қоқыс жағатын зауыттардың құрылысы туралы айтып берді.

6 қалада қоқыс жағатын зауыт салынбақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қалдықтармен жұмыс істеу мәселесіне көшейін. Түзілген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемін айтарлықтай қысқарту үшін заңнамалық деңгейде «Waste to Energy» тетігі енгізілді. Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін 6 қала анықталды. Алғашқы аукциондық сауда-саттық өткізілді. Инвестор анықталды. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жеке инвестициялар 292 млрд теңгені құрайды. Өз кезегінде, мемлекет қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді», – деді министр Үкімет отырысында.

Министр бей-берекетсіз үйінділерді жою және болдырмау жұмыстары жүріп жатқанын еске салды. Бүгінгі күні 7,3 мың үйіндінің 86 пайызы жойылды.

Рейдтік шаралар өтіп, 17 мыңға жуық құқықбұзушы жауапкершілікке тартылып, 25 млн теңге сомасына айыппұл салынған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрылыс талаптарын бұзғандарды лицензиясынан айыруы мүмкін

Құрылыс компаниялары

Қазақстанда жаңа мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Атырау мұнай өңдеу зауыты

«Кемшіліктерді мойындаймыз»: «ҚазАвтоЖол» жол саласындағы мәселелерді атады

Алматы облысы әкімдігі

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси