Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

6 адамды алдап кеткен алаяқ ұсталды

Елордада қол жылдамдығымен ұрлық жасауды әдетке айналдырған алаяқ дүкен сатушыларының ақшасын қолды етіп келген. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

6 адамды алдап кеткен алаяқ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәлім етілгендей, алаяқ бір сценариймен әрекет еткен: дүкенде тауарды сатып ала отырып, сатушыдан 20 мың теңгелік ақшаны ұсақтап беруді өтінеді.

Сатушының қолынан ақшаны алып, санап тұрған уақытта байқатпай бірнеше купюраны көз ілестірмес жылдамдықпен жымқырып отырған. Ақшаның ұсақталғанына көңілі толмаған кейіп танытып, өз 20 мың теңгесін қайтаруды талап еткен.

Ештеңені ойлап үлгермеген сатушылар ақшасын қайта береді.

«Осындай жолмен ол алты дүкеннің сатушысын алдаған. Полиция қызметкерлері алаяқтық жасаған адамды ұстады», – деп хабарлайды министрліктен.

Ұсталған азамат 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол істеген ісін бірден мойындаған. Қазіргі уақытта осы оқиғалар бойынша ҚР ҚК 190-бабымен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш