USD
USD
USD

64 жастағы маңғыстаулық тұрғын Олимпиаданы көру үшін Францияға велосипедпен жетті

Маңғыстаулық азамат Рәббім Борашев велосипедпен 5000 км жолды артқа тастап, Франция астанасы Парижге жетті. 

Рәббім Борашев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанның Франциядағы Елшілігі отандасымыз, велосипедші Рәббім Борашев пен оның жұбайының Париждегі Триумф аркада салтанатты кездесу рәсімін ұйымдастырды. Маңғыстау облысының тумасы өзінің саяхатын 2024 жылдың мамыр айында бастап, бүгін Олимпиада ойындары қарсаңында Парижге жетті.

Іс-шараға Францияда тұратын, Қазақстаннан келген туристер, сондай-ақ қазақ диаспорасының өкілдері мен француз азаматтары қатысты.

Р.Борашев веложарыс, жеті елдің дәстүрлері мен тұрмысымен танысу туралы жарқын әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ біздің елімізді абыроймен таныстырды. Велошабандоздың айтуынша, 5 мың шақырымды еңсере отырып, ол қазақстандық спортшыларды қолдау мақсатында халықаралық спорттық іс-шара кезінде Парижге бару туралы өзінің көптен бергі арманын орындады.

Қазір оқып жатыр

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ