USD
USD
USD

60 млн адам тақыр кедейшілікке ұшырауы мүмкін

Әлем бойынша 60 миллионға жуық адам пандемия салдарынан кедейшіліктің шекті жағдайында болуы мүмкін, деп санайды Дүниежүзілік Банктің (ДБ) президенті Дэвид Мэлпас

60 млн адам тақыр кедейшілікке ұшырауы мүмкін
Фото: NEGE.kz

  .

Алматы, NEGE. Тиісті мәлімдеме сейсенбі күні ұйымның сайтында жарияланды. «Пандемия және дамыған экономикалардың тоқтап тұруы 60 миллионға жуық адамды кедейлікке әкелуі мүмкін. Бұл жақында кедейлікпен күрес жұмыстарының айтарлықтай бөлігін жоққа шығарады», - деп мәлімдеді Мэлпас. Ол экономикалық өсімге оралу үшін төтенше жағдайға тез және икемді әрекет ету, халықтың кедей топтарына, оның ішінде ақшалай көмек көрсету, жеке секторды қолдау және экономиканың тұрақтылығын нығайту қажет екенін атап өтті.

Мәлімдемеде Дүниежүзілік банк әлем халқының 70% құрайтын 100 елде індетпен күресуге көмектескені айтылған. Жалпы алғанда, Дүниежүзілік банк 15 ай ішінде пандемия зардаптарымен күресу үшін дамушы елдерге гранттар, несиелер және инвестициялар түрінде 160 миллиард АҚШ долларын бөлуді өз міндетіне алған

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров