16 Қараша 15:28

«60 мың теңгелік банкнот шықты»

Фото:

Ұлттық банк 60 мың теңгелік банкнота шығарылғаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

Алматы, NEGE.  «Әлеуметтік желіде тарап жатқан 60 мың теңге номиналындағы банкнот шыққаны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды.

Жаңа номинал шығару үшін ел экономикасының қажеттігінен туындаған объевктивті себептер болуы керек. Қазіргі таңда ондай қажеттілік байқалып тұрған жоқ. Осылайша жаңа номинал шығару туралы жоспар жоқ.

ҚР ұлттық валютасының қолданыстағы банкноттары туралы ақпаратты Ұлттық банктің сайтынан алуға болады», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Естеріңізде болсын, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын айналысқа шығару, ауыстыру және айналыстан шығару тәртібі туралы шешімдерді Қазақстан Ұлттық банкі қабылдайды және ол бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылатынын және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыратынын атап өтеміз», - делінген ресми мәліметте.

Тегтер: