USD
USD
USD

607 ауыл интернетке қосылды

Орталық коммуникациялар қызметінде төтенше жағдай кезінде интернет желісінің жұмысы туралы айтылды. 

607 ауыл интернетке қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов, Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы Қуаныш Есеккев мырза мән-жайды баяндап берді. 

"Төтенше жағдай кезінде интернет ең қажетті құрал. Сондықтан халық арасында интернеттің сапасы жайында көптеген мәселе туындауда. Осы салада еңбек етіп жүрген байланыс операторларымен бірге интернеттің жағдайы жайында айтпақпыз. Біздің министрлік мемлекеттік орган ретінде негізгі міндеті - әрбір қазақстандықты жоғары сапалы интернетке қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Біз бірқатар жобаны іске асырдық. Қолданыстағы "Байланыс туралы" заңға сәйкес, байланыс операторлары өз қаражаты есебінен байланыс жүйесін салу мен дамытуды іске асыруда. Бұл жұмыс 2018 жылы басталып, екі жылда көп жұмыс атқарылды. Екі жоба бар. 1200 ауылды интетнет желісіне қосу жұмысы 50 пайызға орындалып, 607 ауыл қосылды. Қалған 643 ауыл жыл аяғына дейін интернетке қосылады. Байланыс саласы басшыларына алғыс білдіргім келеді" деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Тұяқов. 

Сондай-ақ, ол Қазақстанның интернет сапасының әлсіздігі жөнінде әлем бойынша алдыңғы бестікке кіретінін айтты. Жылдың соңына дейін Қазақстанның 900-ден астам ауылына жылдамдығы жоғары интернет келеді деді. 

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп