USD
USD
USD

606,6 мың га ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р. Склярдың басшылығымен пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясының кезекті отырысы өтті.

606,6 мың га ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Елорда, NEGE. Кездесуде ведомствоаралық өңірлік топтар жұмысының нәтижелері қаралды.

Биылғы наурыз айынан бастап жосықсыз жер пайдаланушыларға қатысты 224 жоспардан тыс тексеру тіркелді.

Айта кету қажет, жұмыс комиссиясының қызметі басталғаннан бері мемлекетке 606,6 мың га ауыл шаруашылығы жері қайтарылды.

Халықты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен қамтамасыз ету мәселелері Үкіметтің ерекше бақылауында және осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция